17.04.2023, 15:15
Оқылды: 18

Өмірге ғашық жандар

Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Жарқын жүздесу»  шарасы өтті.

IMG-20230417-WA0018

Қасиетті Рамазан айына орай өткен шараның қонақтары да ерекше жандар.  Бойларындағы талпыныс,  ерік-жігерімен қоғамда өз орның табуға әрекет етіп жүрген белсенділер бас қосты.

Сұхбат тізгінің ұстаған Үміткер Орынғалиев жоба қатысушыларына қызықты сұрақтар қойды.

IMG-20230417-WA0021

Кештің басты кейіпкерлері Әлібек Айтқалиев (Ақсуат), Жамиля Құтиева (Теректі), Гүлзада Бисенова (Шағатай), Гүлвира Темірболатова (Шағатай), Қуанғали Кенжебай (Подстепный) болды.

Әр қатысушы ән айтып, өлең оқып өнерлерін көрсетті.

Шара соңында ұйымдастырушылар атынан  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова мен «Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы» бірлестігінің төрайымы Назгүл Мағзомова ақ тілектерін білдірді.

Жоба қатысушыларына аудандағы «Istanbul» дүкені  демеушілік жасап, сыйлықтар табыстады.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале