19.04.2023, 12:15
Оқылды: 81

Оралда фотограф Рафхат Халеловтың фотокөрмесі ашылды

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, кәсіпқой фотосуретші Рафхат Халеловтың «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесі ашылды.

337725602_1302859110262473_6774045277620553612_n
Шарада сөз алған облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов Рафхат Елжасұлына сәттілік тілеп, алғыс хат табыстады. Өз кезегінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Донеділ Қажымов ізгі ниет-тілегін ақтарып, Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін шырқады.

341854664_602569381799186_8534148475475054879_n
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, өлкетанушы Сара Танабаева фотосуретшінің шығармашылығына аз-кем тоқталып өтсе, Талғат Мықи, Айнабек Бисенғалиев, Әнуар Аманжолов секілді ақындар Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін оқыды.

342054981_948809549593786_9221316685104886007_n

Рафхат Халелов өз шығармашылығы туралы айта келіп, фотосуреттің өткен күннің белгісі, тарихи сәттердің дәлелі екенін жеткізді. Оған қоса Қадыр ақын жөнінде біраз естелік айтты.

337727774_249088730828045_5568122716764103906_n
– Қадырды сүйіп оқитын, ерекше құрмет тұтатын оқырмандар жетерлік. Солар қадау тұлғаның өзімен кездескендей күй кешсе екен деген мақсатпен осы көрмені ұйымдастыруға бел буып едік. Алтын уақыттарыңызды бөліп, Қадыр сарайының төрінен табылғандарыңызға мың алғыс. Бұл – менің Ақ Жайық өңірінің аяулы перзентінің шығармашылығын насихаттауға қосқан үлесім, – деді Рафхат Елжасұлы.
Қадыр Ақынның сөзіне жазылған «Орал – әнім сенсің шалқыған», «Атамекен» әндерін «Інжу», «BatysStar» топтары орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
– Сапалы сурет түсіру үшін қагілездік, шапшаңдық қажет. Бұл қасиеттер Рафхат Елжасұлының бойында бар. Қадырдай алып тұлғаға осылайша құрмет көрсеткен талантты фотосуретшіге ризашылығымды білдіремін, – деген Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Бауыржан Халиолла шараны қорытындылап, Рафхат Елжасұлына алғыс хат және естелік сыйлық ұсынды. Сонымен қатар фотокөрменің қадірлі мейманы, еңбек ардагері Марат Кенжетайұлына айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы Батыс Қазақстан аймағы бойынша бөлімшесінің ұсынысымен дайындалған дала реформаторы, даңқты батыр Сырым Датұлы атындағы төсбелгіні табыс етті.

Марлен Ғилымхан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале