20.04.2023, 15:00
Оқылды: 45

Ерұлан Жамаубаев ратификациялау туралы ҚР Заңының жобасын ұсынды

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында «Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етуді қолданудың ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын ұсынды.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі жазды.

aea96289be3031127dc58dc8f71dc169_1280x720

 Фото: ҚР Қаржы министрлігі сайтынан

Ол қарастырылып отырған қамтамасыз ету туралы келісімге Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары 2022 жылғы 19 сәуірде қол қойғанын атап өтті.

Қамтамасыз ету туралы келісім кедендік транзит кезінде тауарларды тасымалдауға байланысты кедендік және өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттерді орындау бойынша бас қамтамасыз етуді және кепілгерлікті қолдану ерекшеліктерін айқындайды.

Атап айтқанда, қамтамасыз ету туралы келісімде белгіленген шарттарға сәйкес келетін декларанттардың бас қамтамасыз етуді аз мөлшерде ұсыну мүмкіндігін белгілейді.
                                                                                                                                                  
Сөз соңында Ерұлан Жамаубаев аталған Қамтамасыз ету туралы келісім Республикаға «Кепілгерлік» институтын дамыту, сондай-ақ тауарларды тасымалдау кезінде біздің ұлттық тасымалдаушыларымыздың жағдайын жақсарту мүмкіндігін көздейтінін айтты. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале