21.04.2023, 12:44
Оқылды: 69

Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северныйлар ұсталды

Бұл жөнінде олардың ұлы Ратмир мәлім етті.

64422337d969f601559398

"Кеше кешкі сағат жетіде Dostyk Plaza сауда орталығында ата-анамды менің және бауырларымның көзінше ұстап әкетті. Оларды формадағы бірнеше адам ұстады және тергеушілер жеке заттарын тінтіп, видеоға түсіріп тұрды. Анамды бізбен сөйлестірместен бірден бөлімшеге алып кетті, әкемді бізбен бірге үйге жеткеннен кейін алып кетті", – деді журналистердің ұлы Ратмир Михаил Козачковтың Telegram-каналында жарияланған бейнеүндеуінде.

Хабарланғандай, Владимир мен Наргиз адам бопсалады деген күдікке ілінген, тергеуді Алматы полиция департаменті жүргізіп жатыр. Журналистердің ұлының айтуынша, қазір олардың отбасымен байланысуға мүмкіндік жоқ, өйткені телефондары тәркіленген.

БАҚ болжамынша, Северныйлар Қорғаныс министрлігіне қатысты сыни жарияланымдарына байланысты қамауға алынған болуы мүмкін.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале