21.04.2023, 16:58
Оқылды: 50

Жыл басынан бері 4,5 мың адам шекарадан заңсыз өтпек болған

Халықаралық іздеу жарияланған Серік Күдебаев шекараны тау арқылы асқан болуы мүмкін. Мұндай болжамды Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов айтты.
b60755c8f9f940bd9a5f28e796670c1e

Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы туралы Қырғызстандағы әріптестерінен де ақпарат сұраған. Қазір бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

"Түрлі болжам бар. Серік Күдебаевтың тау жақта шаруа қожалығы бар. Сол жақтан жол көрсететін адамдары болуы әбден мүмкін. Біз тау арқылы шекарадан шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз. Ресми мәлімет бойынша ол Бішкек әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен. Қырғызстанда да бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ оның тергеуіне ресми түсініктеме берілмейді."Ерлан Алдажұманов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше жыл басынан бері 4,5 мыңға жуық адам шекараны заңсыз кесіп өтпек болған. Тұрғындардың заңсыз өту әрекеттері әрқилы сипатта. Яғни біздің елге кірмек болғандар да, шығып кетпек болғандар да бар. Заңсыз кесіп өту әрекеттері негізінен көршілес мемлекеттердің азаматтары арасында көптеп тіркелген.

zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале