21.04.2023, 15:43
Оқылды: 50

Өскеменде сұлулық салоны қызметінен кейін әйел қайтыс болды

Өскеменде сұлулық салонының қызметінен кейін әйел қайтыс болды.  Ақпаратты Өскемен қаласының прокуратурасы растады.

photo_111884

Ведомсво мәліметінше, сұлулық салонына әйел көзіне блефаропластика жасату үшін барған.

"Сұлулық салонына 1962 жылы туған әйел көзіне блефаропластика жасату үшін жүгінген. Лицензиясы мен медициналық және басқа да қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ салон қызметкері жоғарыда аталған процедураны жасаған. Біраз уақыттан кейін әйел жансақтау бөліміне түсіп, сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел анафилактикалық шоктан қайтыс болған. Сондай-ақ биыл 16 сәуірде Қылмыстық кодекстің 322-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталғаны белгілі болды.

tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале