Жаңақала аудандық мешіті және жастар ресурстық орталығының теолог маманы Диана Қазыбекқызының ұйымдастыруымен қасиетті Ораза айт мерекесіне орай Жаңақаланың әйел жамағатына арналған мерекелік жиын өтті.
Фото: Жаңақала аудандық мешітінің facebook парақшасынан
Жиын барысында уағыз-насихат айтылып, отбасылық "Ана мен бала" сайысы, садақ атудан жарыс және табиғат аясында сейіл өтті.
Уағыз-насихат "Ораза айт қасиеті" тақырыбында өрбіді.
Алғаш рет ораза ұстағандар өздерінің биылғы оразасынан алған әсерімен бөлісті.
Ашық аспан аясында дастархан жайылып, Ораза айттың құндылығы мен маңызы айтылды.
Барлық діни сауалға жауап берілді. Отбасылық "Ана мен бала" сайысында алты отбасы қатысты.
Нәтижесінде Бекзат Ерсайынова және баласы Абулазиз Санат І орынға ие болып, жеңіске жетті.
Дана Мақсотова мен қызы Айлана Асланқызы ІІ орын, Күлшат Маделина пен қызы Динара Балмағамбетова ІІІ орын иеленді.
Венера Шеденова мен қызы Азиза Дулатқызы, Айтаңсық Көптілеуова мен баласы Осман Есболсын, Сағадат Еркінғалиева мен баласы Мадияр Марат белсенділікпен қатысты.
Барлық қатысушыға диплом және арнайы сыйлық табыс етілді.
«Садақ ату» жарысына үш адам қатысып, Асем Сағын І орынды қанжығаласа, Айлана Асланқызы ІІ орынға, Динара Балмағамбетова ІІІ орынға табан тіреді. Жүлдегерлер тиісті дәрежелі дипломмен және сыйлықтармен марапатталды.
zhaikpress.kz