24.04.2023, 18:00
Оқылды: 53

Еліміздің шығысында «Біздің аспан» бірінші өңіраралық экологиялық бастамалар форумы өтті

Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «БІЗДІҢ АСПАН» бірінші өңіраралық экологиялық бастамалар форумы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

9682c5b0-a542-48be-991e-d9aa2814f50e

Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінен

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдері мен экоактивистер қатысты. Барлық қатысушылар үшін бұл алаң бүкіл ел бойынша қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша пікірлер мен тәжірибелермен бөлісуге мүмкіндік болды.

Форум шеңберінде сессиялар барысында атмосфералық ауаның сапасы, ең үздік қолжетімді техникалар, елді газдандыру, проблемаларды шешу үшін экологиялық ашықтық және тағы басқа мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова онлайн  құттықтап, атмосфералық ауаның сапасы адамдардың денсаулығы үшін де, жалпы ел экономикасы үшін де шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале