25.04.2023, 16:30
Оқылды: 62

Баязиттің алма бағы

Өткен жылы Шоқтыбай ауылының тумасы Баязит Күмісбаев «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде берілетін 1 225 500 теңге шамасында қайтарымсыз грант қаражатын алды. Сол қаржыға алма ағашының 108 түп көшетін сатып алып, ауылдағы бұрынғы алма бағына отырғызды. Биыл солардың қатарын 20 түп таңқурай көшетімен толықтырды. Айналасы қоршалып, күтіп-баптаудың нәтижесінде өскіндер тамыр жайып, жайқала өсіп келеді.  

Баязиттің алма бағы (1)

Ат жалын тартып мінгеннен бастап, Баязитті өзі туып-өскен Шоқтыбайдағы ескі бақты жандандырсам деген ой үнемі мазалайтын. Өйткені бұл бақтың негізін өткен ғасырдың 60-жылдары нағашы атасы Сәт Шағыров қалаған еді. Сәт ата  – Шоқтыбай, Ақшат ауылдарында алма өсіріп, жергілікті жерде де жеміс ағаштарын отырғызуға болатынын дәлелдеген бағбандардың бірі. Осы нағашы атасының кетпенінің ізі қалған, маңдайының тері төгілген ескі бақты жайқалтудың сәті түскенде қатты қуанды.

Баязиттің алма бағы (2)

Атакәсіпке бет бұрған Баязит Сенбайұлы алдағы уақытта мемлекет тарапынан несие берілсе, әрі қарай шаруашылығын қоса дамытқысы келетінін айтады. «Баптай білсең, жер жомарт» демекші, жас бағбанның бастаған ісі берекелі болып, еңбегінің қайырын көре берсін демекпіз.

 

Айсұлу Нұрғазиева,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале