Теректі аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың теолог маманы Амантай Бақтығали Покатиловка жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен жүздесті.
Кездесуде Амантай Қуанышбайұлы теріс діни ағымдардың зардабы және олардан қорғану жолдары, зайырлылық ұғымы, Қазақстан Республикасының заңнамалары, діни қызмет пен діни бірлестіктер жұмысы, сонымен қатар оқушылардың құқықтарын түсіндірді.
Жиында жалған ақпарат таратудың жауапкешілігі туралы айтылып, оқушылар арасында сауалнама жүргізілді.
Кездесу соңында теолог маман оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пайдалы мағлұматтармен бөлісті.
Аяулым Бақтығали,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz