Дәл қазір Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Ата тәрбиесі мен ғибраты» атты аудандық форум өтіп жатыр.
Мәдени-демалыс орталығының фойесінде көрерменге ақ пен бауырсақ ұсынылды. Күйшілер домбыраларын тартып жатыр. Көрме ұйымдастырылған.
Форумға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Шапихов, ақсақалдар алқасының төрағасы Фазыл Сапаров, аудандық білім беру бөлімінің бастығы Руслан Ғұмар, Жаңақала ЖОББМ директоры Бегайым Есенғалиева, аудандық білім беру бөліміне қарасты білім ордаларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аталар мен әкелер қатысуда.
Форум спикерлері - өлкетанушы Тыныштық Өтешқалиев, ардагер ұстаз Айтуған Шарафутдинов, ауданымыздың құрметті азаматы Шаһидолла Абуғалиев, БҚО адвокаттар алқасының адвокаты Аслан Еслямғалиев.
Алдымен аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы сөз алып, форумның маңыздылығын айтты.
Спикерлер әкенің балаға, атаның немересіне беретін тәрбиесінің маңыздыллығы жайында әңгімелеп, бүгінгі қоғамдағы тәрбиенің олқылықтарын талқылап жатыр.
Р.Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz