26.04.2023, 15:15
Оқылды: 65

Сырымдық шаруа биыл бидайды басқа әдіспен екті

Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Талдыбұлақ ауылдық округіндегі көктемгі далалық жұмыстармен танысты.

сырым (1)

Биыл округ шаруалары 40 000 гектар алқапқа дәнді дақыл егуге бейіл. Жіктесек, 1 430 гектар жерге күздік бидай, 28 470 гектар жерге жаздық бидай егілетін болса, 9000 гектар алқапқа арпа дәні шашылмақ. Майлы дақылдардың да егіні мардымды. Мақсары 800 гектарға, қыша 5 100 гектар алқапқа, бұйра зығыр 1000 гектар жерге егілмек.

сырым (2)

Талдыбұлақ ауылдық округі, Қазақстан ауылындағы Қали Әжіғалиев жетекшілік ететін «Тінәлі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл бидайды «қармен көміп» егу әдісін қолданып жатыр. Күздік сияқты емес, дән жерге одан кешірек, күздің салқыны қыстың ызғарына көшер уақытта салынады. Тұқым түйнек жарып та, көктеп те үлгермейді. Бұл біріншіден өнім алу жиілігін жылдамдатады, екіншіден тұқымды ыстыққа не зиянкестерге ұрындырмайды.

Қазір даланың әр бүйіріндегі дүрілдеген трактор, дүбірлеген еңбек.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале