27.04.2023, 16:15
Оқылды: 197

Агенттіктің азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасауға арналған кері байланыс арналары

Қаржы реттеушісінің қызметі туралы ақпараттың қол жетімділігін және толықтығын арттыру мақсатында 2021 жылғы 24 мамырдан бастап Агенттіктің call-орталығы жұмыс істейді. Қаржылық қызметтерді тұтынушылар 1459 қысқа нөмірі бар call-орталық арқылы өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша консультациялар, қолданыстағы заңнама нормаларының түсіндірмелерін ала алады. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Агенттіктің call-орталығы іске қосылған сәттен бастап 33,8 мыңнан астам қоңырау өңделді.

IMG-20230427-WA0067

Халықпен жедел өзара іс-қимыл жасау және оның қаржы реттеушісімен кері байланысын нығайту үшін 2020 жылғы 25 маусымнан бастап «Fingramota Online» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Аталған мессенджер іске қосылған сәттен бастап пайдаланушылардың 7 мыңнан астам мәселесі өңделді.

WhatsApp Image 2023-04-27 at 16.39.12 (1)

Агенттікте Қоғамдық қабылдау бөлмесі де жұмыс істейді, онда ақпараттық-анықтамалық сипатта консультациялар алып, қаржы реттеушісінің қызметіне қатысты мәселелерді жедел түрде шешуге болады.

Агенттіктің өкілдері өтініш берушілердің әрбір жолданымын қарайды және заңнаманың сақтандыру, микроқаржы салаларындағы нормаларын, коллекторлық агенттіктер мен кредиттік бюролар, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қызметінің толығырақ түсіндірмелерін ұсынатын болады. Қажеттілігіне қарай Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері банктердің, МҚҰ-ның немесе қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыруы мүмкін.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс уақыты – дүйсенбі-жұма аралығында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін және сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін.

Агенттіктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне жазылу үшін, [email protected] электрондық мекенжайына өз аты-жөніңізді, ЖСН-ді, байланыс деректеріңізді, ұйымның толық атауын, жолданымның қысқаша сипатын жіберіп, міндетті түрде «Азаматтарды қабылдауға жазылу» тақырыбын көрсету не аталған ақпаратты Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша нысанда хабарлау қажет.

WhatsApp Image 2023-04-27 at 16.39.13

Агенттікке ресми жолданымды egov.kz порталы, «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы не мынадай: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша жазбаша жолдауға болады. Өңір тұрғындары Агенттіктің өңірлік өкілдіктер басқармасына тұрғылықты жері бойынша жүгіне алады.

Егер ақпаратты пайдалы әрі болашақта қажет болады деп санасаңыз, постты қосымша бетке сақтап, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале