25-26 сәуір күндері Жалпақтал және Казталов ауылдарында «Ашық әкімдік» ашық есік күні оздырылды. Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов бастаған аудандық бөлім, мекеме, прокуратура, аудандық полиция бөлімінің басшылары мен өкілдері тұрғындарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
Ашық әкімдіктегі жеке қабылдаулар барысында тұрғындар тарапынан жұмыссыздық, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық мәселелері мен мемлекеттік грант және «Ауыл аманаты» жобасы бойынша сауалдар жолданды. Аудан әкімі Асланбек Ахметоллаұлы тұрғындарды жеке-жеке қабылдап, жауапты органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Ауданымызда халық пен билік арасында ашық диалог қалыптасып, күрмеулі мәселелер оң шешімін тауып келеді. Бұл ретте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет» қағидатының да ықпалы артып отырғандығы байқалады. Сондай-ақ, ауылдағы мәселені көтеруде халықтың да белсенділігі артып келеді.
Қыдыр Харесұлы,
Асылбек Нәсіпқали
Казталов ауданы
zhaikpress.kz