28.04.2023, 9:30
Оқылды: 53

Ажар Ғиният Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

aa0b81f541ccd430687b1b32a7b7584c_1280x720

Өңірде облыс әкімімен кездесіп, Теректі аудандық ауруханасына баруды жоспарлап отыр.

Бұдан әрі сапардың бірінші күні өңірдің тұрғындарымен және азаматтық секторымен кездеседі.

Азаматтарды жеке қабылдап, республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне брифинг өткізеді.

Сапардың екінші күні министр облыстың медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізуді, үкіметтік емес ұйымдармен кездесуді және Облыстық онкологиялық диспансердің жұмысымен танысуды жоспарлап отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале