28.04.2023, 13:00
Оқылды: 37

Нью-Делиде Қазақстан мен Қытай Қорғаныс министрлері кездесті

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс министрі генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жазды.

 

2b49a15c93dc653ccf493809a2ca987a_1280x720

Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен

Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Үндістан астанасы Нью-Делиге Қазақстан Қорғаныс министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесіне қатысу үшін келгенін естеріңізге саламыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале