Жаңақала аудандық спорт кешенінде "Jastar" спорт клубының ұйымдастыруымен қазақ күресінен "Қазақстан барысы" облыстық турниріне іріктеу өтіп жатыр.
Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, ауыл ақсақалы Төлеген Боқыров, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, Жаңажол ауылдық округінің әкімі Айбек Ишанов және спорт клуб директоры Жанболат Гумаров қатысып, А.Нұрғалиқызы жарыстың ашылу салтанатымен құттықтап, палуандарға сәттілік тіледі.
Т.Боқыров атамыз ақ батасын берсе, әнші К.Жексенғалиева "Ерлердің ісі бітер ме?" атты әнін тарту етті.
Облыстық турнирге іріктеу жарысына ауданымыздың намысын қорғауға ниет білдірген 11 спортшы "Өгіз палуан" атағы үшін 90 келі салмақта иық тірессе, "Түйе палуан" үшін +90 келі салмақта 5 спортшы қатысып, боз кілем үстінде бақ сынап жатыр.
Нұргүл Дүйсенбаева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz