1.05.2023, 13:18
Оқылды: 16

Теректіліктер  бірлік  күнін тойлады

1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күнін теректіліктер аудандық Достық үйі ғимараты алаңында тойлады. «Шырқайық достық әнін» деп әндете басталған мерекелік шарада аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Амангелді Тоғызбаев жерлестеріне ақ тілегін арнады.

IMG-20230501-WA0040

- Баршаңызды ынтымақ пен бірлік, татулық пен достық мерекесімен құттықтаймын! Мемлекетіміз - көп ұлтқа пана болған қасиетті мекен. Еліміздегі ұлтаралық татулықтың арқасында әлі талай биікке жетеміз деп сенемін. 1 мамыр - бір жерде түрлі ұлт өкілдері тоғысқан қазақ елі, соның ішінде Теректі ауданы үшін ерекше күн. Ұлттардың достығы  арқасында еліміз гүлденіп келеді. Баршамыз ортақ мақсатқа бірігіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосайық. Еліміз молшылыққа, әр шаңырақ шаттыққа бөленсін, - деді ол өз сөзінде.

IMG-20230501-WA0038

Мерекелік шара шеңберіндегі “Достық пен татулықтың мекені - Теректім” фестивалі қызықты болды. Екі кезеңнен тұратын достық фестивалінде мекемелер көп ұлтты Теректідегі ынтымақ үлгісін көрсетті. Түрлі ұлттың киімдерін киіп, сол тілде ән шырқап, би билеген мекемелерге аудан әкімінің атынан алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды.  Баршасынан биімен де, әнімен де озық болған «Ақбота» бөбекжайы үздік деп танылды.  Облысымызған танымал айтыскер ақын Талғат Мықи  өлең оқып, теректілік жас айтыскер ақын  Әділ Ахметов арнау айтып, жерлестерінің рухын көтерді. Мерекелік шараны ауданымыздың өнерпаздары «Теректі толқыны» әнімен түйіндеді.

IMG-20230501-WA0032

IMG-20230501-WA0035

IMG-20230501-WA0024

IMG-20230501-WA0023

IMG-20230501-WA0021

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале