Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Фото: prosports.kz
92 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Айбек Оралбай алғашқы айналымда болгариялық Радослав Пантелеевті төрешілердің шешімімен жеңді.
Айта кетейік, әлем чемпионатында боксшылар 13 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Олар: -48, -51, -54, -57, -60, -63,5, -67, -71, -75, -80, -86, -92, +92 кг.