2.05.2023, 16:45
Оқылды: 26

Ақбұлақта дүбірлі той өтті

Жуырда ақбұлақтық азаматтар игі мақсатты көздеген үлкен шара өткізді. 1 мамыр мерекесі қарсаңында Ақбұлақ ауылдық округінде ағатандық азаматтар ат салысқан ұлттық спортты дамыту мақсатында дүбірлі дода ұйымдастырды.

чин (3)

Ауылдың еңкейген қартынан еңбектеген баласына дейін делебесін қоздырған спорттық додаға 40-қа жақын шабандоздар қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында аударыспақ, арқан тарту, гір және қой көтеру сынды жарыс түрлеріне ауыл тұрғындары, аудан орталығынан, Ақшат ауылынан келген азаматтар белсене қатысты. Түрлі сайысқа талаптанып қатысқан қатысушылар жүлдені қолдан бермеуге күш салды. Жанкүйерлер де қарап тұрмай қолдау көрсетіп, қиқуласып жатты. Ерекше көңіл күйде, асқан ұйымшылдықпен өткен шара жұртшылықты разы етті. Әр жүлдегерге ықылас көрсетіп, қошеметтеп жатқан ақбұлақтықтар үшін бұл күн ерекше жадында қалатыны сөзсіз.

чин (2)

Қорытынды сәт соңында Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова ауыл тұрғындарына ауызбіршілікпен ұйымдастырылған шара үшін зор алғысын білдіріп, ауыл азаматы Нығметқали Қайратұлын, шаруа қожалықтың басшылары Ерболат Жұмабайұлын, Жаслан Орынбасарұлын алғыс хатпен марапаттап, еңбектеріне табыс тіледі.

Ауыл сыртында ақшаңқан киіз үй тігіліп, дастархан жайылды. Сауда саттық жәрмеңкесі қызды. Мерекелік концерт қойылды.

                                                                                             Назым Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале