2.05.2023, 14:45
Оқылды: 30

200 түп қарағаш, 300 түп көктерек егілді

 «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында ауданымызды көгалдандыру және көркейту мақсатында мекеме-ұжым бірлескен сенбілікте 200 түп қарағаш, 300 түп көктерек отырғызылды.

17

Атап айтсақ, Шыңғырлау ауылының шығысында 200 түп қарағаш, аудандық мекемелер ауласына, саябақтарға 178 түп көктерек, аудандық астық қабылдау аумағындағы балалар ойын алаңына 38, Шоқтыбай ауылындағы мәдениет үйінің ауласына 20 түп көктерек көшеті отырғызылды. Сондай-ақ Амангелді көшесіндегі 8 тұрғын үй иесіне көше бойына отырғызу үшін 64 түп көктерек көшет үйлестірілді.

Акцияға аудан тұрғындары да атсалысуда. Солардың қатарында, жүзге жуық тал егіп, баптап, зәулім ағашқа айналдырған зейнеткер ағаларымыз Кеңес Таңатов, Төрехан Имамбаев және бірнеше мәрте «Үздік аула» байқауының бас жүлдесін иеленген Нұрлан Қуанаев көпке үлгі болып жүр.

 

Нұрбек Таужанов,

Шыңғырлау ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале