Қазақстан-Тәжістан бизнес форумы қорытындысында 2 млрд доллардың келісімшарттарына қол қойылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін осы іс-шараның алғашқы бөлігінде ғана бизнесмен арасында 1 млрд 300 млн доллардың келісімшартына қол қойылды. Дегенмен, форумның екінші бөлігі өтеді. Сонда жалпы 2 млрд доллардың келісімшарты рәсімделеді», - деді Серік Жұманғарин бизнес форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Оның пайымынша, бүгін өтіп жатқан іс-шара соңғы уақыттағы ең жемісті бизнес форум саналады.
«Бүгінге дейін біз көптеген елдің өкілдердің сауда-экономикалық миссияларымен кездестік. Олардың ішіндегі ең жемістісі осы іс-шара болып тұр», - деді вице-премьер.