3.05.2023, 16:15
Оқылды: 17

Жұмыс жәрмеңкесі өтті

Бөрлі ауданы жастары үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

жәрмеңке 3

Аталған шараны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықпен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп ұйымдастырған.

Негізгі мақсат жұмыс іздеп жүргендер жастарға көмектесіп, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беру еді.

Оның ішінде «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Бизнес бастау», «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы және де тұрғын үй мәселесі бойынша тегін кеңестер берілді.

Сонымен қатар заңгердің және психологтің көмектері ұсынылды.

жәрмеңке 5

- Біз жастарға және аудан тұрғындарына арнап, «Жастар назарына» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып отырмыз. Жәрмеңкеге 20-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатысты. Бұл жәрмеңкенің өтетіні туралы әлеуметтік желілерде хабарланды. Соның нәтижесінде бүгін халық көп жиналды. Әр түрлі мекеме өзіндегі бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып отыр. Басты мақсатымыз жұмыссыздықтың санын азайту. Біздер осылай жылына 5-6 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырып тұрамыз, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Толқын Хадышова.

Жәрмеңкеге 20-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатысып, 250-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 300-ге жуық жәрмеңкеге келген халықтан 92 түйіндеме жиналды.

Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале