Бұлдырты ауылындағы «Айналайын» балабақшасында бес топта 70 бала, шағын орталықта 35 балақай тәрбиеленіп жатыр.
– Балабақшамыздың тәрбиеленушілеріне, олардың ойөрісіне қарап, санасы сергек, рухы биік ұрпақ өсіп келе жатқанын көруге болады. Саналы ұрпақ тәрбиесінде 15 педагог, 8 тәрбиешіміз аянбай еңбек етуде, – дейді «Айналайын» бөбекжайбақшасының директоры Динара Нұриденова.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында бұлдыртылық балалардың қылқаламынан шыққан суреттерді оқырман назарына ұсынамыз.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz