М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде 1000-ға жуық студент мен оқытушы бір уақытта жалпыұлттық патриоттық диктант жазды.
Мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
Махамбет университетінің 6 факультетінің 846 студенті, 135 профессор-оқытушылар құрамы 14 аудиторияда диктант жазды.
141 сөзден тұратын мәтінді қазақ тілді білім алушылардан бөлек, өзге ұлт өкілдері де айна қатесіз жазуға талпынды. Шараны Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырды.
Аталмыш патриоттық шараға өңір тұрғындарының шамамен 30 пайызы қатысты. «Диктант бағаланбайды» дейді, ұйымдастырушылар.
Айзада Дюсенова,
БҚУ-дың баспасөз хатшысы