Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев алтын құрсақты, алты баланың анасы бұлдыртылық Айнұр Арыстановаға «Күміс алқа» мемлекеттік наградасын табыс етті.
Айнұр Жақсығалиқызы Бұлдырты ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы.
Қызметі мен бала тәрбиесін қатар алып жүрген ана балаларының жақсы білім алуына және тәрбиесіне үнемі көңіл бөледі. Ауыл тұрғындары арасында беделді, еңбекқор, ағайын-тумалары арасында сыйлы отбасы.
Ұлдары Дәурен, Мейрамбек, Сұлтан, Нұрали Бұлдырты жалпы білім орта білім беретін мектебінде оқушы.
Ұлы Арсен мен қызы Аяла мектеп жасына жетпеген. Балалары тәрбиелі, кішіпейіл, сабақ үлгерімдері де жақсы.
Аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы еліміздің демографиясына үлесін қосып, балаларының тәрбиесіне де жауапкершілікпен қарап жүрген отбасыға амандық тіледі.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz