6.05.2023, 13:30
Оқылды: 47

Әлеуметтік желінің маңызы жөнінде семинар оздырылды

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапханада ауданымыздағы бөлім, мекеме және ауылдық округ әкімі аппараттарының әлеуметтік желілермен жұмыс жөніндегі мамандарына арналған аудандық семинар оздырылды. Семинар спикері облысымызға белгілі тілші, «Sarapshy.info» сараптамалық ақпарат агенттігінің бас редакторы, бірқатар республикалық сайттардың облыстағы меншікті тілшісі, медиатренер Нұрлыбек Рахманов болды.

20230505105028_IMG_0773

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада әлеуметтік желінің қоғамдағы рөлі, маңызыдылығы кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда халықтың басым көпшілігі қоғамдағы қандай да бір мәселені әлеуметтік желі арқылы қозғап, қоғамның талқысына салып, шешімін табуға ықпал етіп жүр. Сын шын болып, мәселе шешімін тауып жатырса нұр үстіне нұр. Әйтсе де, жергілікті атқарушы органдардың ресми парақшаларының жоқтығы, бар болса да оны жүргізетін арнайы маманның жоқ екендігі әлеужелі арқылы көтерілген мәселеге жауаптың кеш берілуіне себеп болып отыр. Қала берді, түйткілді мәселенің де шешімін табуға кері әсер ететіні сөзсіз. Осы орайда, ресми парақшаны жүргізетін мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдау аса маңызды екені түсінікті.

20230505104840_IMG_0769

Мекеме, ұйымдардың әлеуметтік желіде парақшаларының болуы аса маңызды. Өйткені, қазіргі таңда халықтың басым көпшілігі әлеуметтік желі арқылы жаңалықтардан хабар болып, көбірек ақпарат алады. Сондықтан, халыққа шынайы ақпарат беру мақсатында, атқарылып жатырған жұмыстарды оқырманға жеткізу, жергілікті ауылдың немесе елді мекенге тән ақпараттармен бөлісуде жергілікті атқарушы органдардың ресми парақшалары, соған жауапты мамандар белсенді болуы керек, - деді Нұрлыбек Рахманов.

20230505104637_IMG_0760

Семинар барысында әлеуметтік желілерде ресми парақшаларды ашу, оларды жүргізу, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен, журналистермен жұмыстану, халықпен тығыз байланыс орнату тетіктері айтылды. Бұл семинар мамандардың білімі мен біліктілігін шыңдап, жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы ашықтық форматының артуына септігін тигізері анық.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале