Сұрақ-жауап
Жасым 25-те, шекарашы болып қызмет атқарғым келеді. Ол үшін не істеу қажет? Оқу керек пе? Шекарашылардың еңбекақысы, жасалатын жеңілдіктер, жұмыс барысы жөнінде де білгім келеді.
Бекзат Абатов,
Дариян ауылы
Бұл сұраққа Дариян ауылындағы «Орал» шекарасының Мұқатай бөлімшесі басшысы міндетін атқарушы, лейтенант Иманғали Нұрлыбек жауап береді.
-Шекарашы болып қызмет атқаруды қалайтын азамат мерзімді әскери борышын өту қажет. Шекарашы болып келісім шарт негізінде 18-30 жасқа дейінгі азаматтарға жұмысқа орналасуға болады. Ал 17-25 жасқа дейінгі азаматтар жоғары білім алуға мүмкіндігі бар. Яғни ҚР ҰҚК Шекара академиясында оқуға болады.
Шекарашыларға орта есеппен 180 мың теңгедей еңбекақы беріліп, тамаққа және отбасының әр мүшесіне пәтер ақысы төленеді. Кезекті еңбек демалысына шыққанда да еңбекақысын алып тұрады.
Қызметі мемлекеттік шекараны күзетуге арналған жоспары бойынша жүзеге асады. Қазір қызмет вахталық әдіс бойынша. Яғни 21 күн жасап, 8 күн демалады. Бұл қызметкерлер үшін ыңғайлы.
Осы сәтті пайдаланып, БҚО шекара департаментінің басшылығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттінің шекарасын күзетуге, яғни мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметтерге, ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсуге шақыратынын да айтып өткім келеді.
Динара Ғизатова,
Дариян ауылы
zhaikpress.kz