7.05.2023, 20:11
Оқылды: 123

Ұрпақтары игі іс жасады

Ислямғали Жаманғарин 1923 жылы  5 наурыз  айында Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылы, Батпақкөл  елді мекенінде  дүниеге келген. Арғы аталары Дөлке атамыз бен Шабақ әжемізден үш ұл, екі қыз тараған:  Оңғар, Ислямғали, Отан деген бір үйдің үш баласы да соғысқа аттанып, 1916 жылы  туған Оңғар атты атамыздан 1941 жылы  қаралы хабар келген. Отан атамыз 1926 жылы туған, 1950 жылы елге аман-есен оралған.  1941 жылы 18 жасында Орал қаласындағы  оқытушылар даярлайтын  1 жылдық  курстың  курсанты болып жүріп,  1942 жылы ақпан  айынан  1946 жылы  аралығында  соғысты аяқтап,  елге аман-есен оралған.

Исламғали Жамангарин фото3

Ислямғали Жаманғарин 1945 жылдың  1 мамыр айында  соғыстағы ерліктері үшін  «Қызыл Жұлдыз» орденімен,  1945 жылдың 9 мамыр күні СССР Жоғары Кеңес Президиумының  Жарлығымен  «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», 1945 жылы 9 маусымдағы  Жарлығымен «Кенигсбергті алғаны үшін», 1945 жылдың  30 қыркүйек айындағы Жарлығымен  «Жапонияны жеңгені үшін» медальдармен  марапатталған. Сондай-ақ, СССР Жоғары Кеңес Жарлығымен  1957 жылы 8 сәуір айында,  1975 жылы 25 сәуірде   Ұлы Отан соғысының 30 жылдық қарсаңында,1978 жылы 28  қаңтарда   Қарулы күштерінің құрылғанына 60 жылдығы қарсаңында медальдармен марапатталған.

Исламғали Жамангарин Фото (2) (1)

7 мамырда Исламғали Жаманғариннің тұрған үйінде  құрметті ескеркіш тақта ашылды. Тақтаның ашылу салтанатында аудан әкімі Қадыржан  Сүйеуғалиев, мәдениет саласының үздігі  Шолпан  Қыдырниязова апамыз, еңбек ардагері Орынғали Бәкесұлы, Исламғали ағаның ұлы Алтай Исламғалиұлы сөз сөйледі. Айтулы шараға Исламғали ағаның тума- туыстары, балалары мен немере, шөбере ұпақтары қатысып, гүл шоқтарын қойды. Біз Исламғали ағаның баласы Бейбітпен бірге ойнап өстік. Ол кісі сондай тұйық адам болды. Ойнап жүрген бізге «Балаларым құлап, зардап шегіп қалмаңдар» - дейтін. Мәншүк апамыз бізге газетке берген сауалында «Әкем соғыс туралы көп айтқысы келмейтін еді»- деп айтқан болатын. Соғыстың зардабын тартпаған отбасы кемде-кем. Бүгін өнегелі отбасының ұрпақтары атасы Исламғали ағаға ескерткіш тақта орнатып, игі іс жасады. Оған барша қаратөбеліктер риза.

                                                                                       Ерболат Райсов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz  

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале