Бүгін Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай аудан орталығындағы "Азалы ана" монументі күрделі жөндеуден кейінгі пайдалануға берілді.
Жеңісті жақындатуға Тасқала ауданының халқы да зор үлесін қосты. Аудан бойынша 3798 адам майдан даласына аттанып, 1866 жауынгер кері оралмады. Жеті жүзден астам жерлесіміз хабарсыз кетті. Жүздеген жауынгер соғыс салған жарадан көз жұмды.
Игі шараға қатысқан жұртшылықты аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы құттықтап, елдің тыныштығы мен берекесін тіледі. Сонымен қатар аудан басшысы "Азалы ана" ескерткішінің қайта түлеуіне үлкен күш салған мердігер "Сұңқар Ақтөбе 2005" ЖШС директоры Асан Нұрлыбек Жаңабаргенұлына халық атынан зор рахметін айтып, алғыс хатын табыстады.
Аталмыш шараға Кеңес Одағының батыры Садық Жақсығұловтың балалары мен қыздары да қатысты. Ерліктің еңселі ескерткіші - монумент тақтаға жиналған жұртшылық гүл шоғын қойды. Мереке күнгі игі шаралар концерттік бағдарламаға ұласты.
Темірболат Тоқмамбетов,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz