10.05.2023, 15:45
Оқылды: 79

Депутат Нартай Аралбайұлы БҚО-ның шалғай ауылдарындағы өзекті мәселені көтерді

Депутат Нартай Аралбайұлы Мәжілісте Батыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарындағы жол мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

02ca6e0f-c5de-48ba-92eb-fce39388e085

Фото: Мәжіліс отырысынан. massaget.kz

"Бұл депутаттық сауалымның артында мыңдаған адамның таусылған төзімі, үзілуге аз қалған үміті жатыр. Олар Батыс Қазақстан облысының ең шалғай ауылдарында тұрады. Бөкей Орда ауданы мен Жәнібек ауданындағы жұрт көз ашқалы түзу трасса, жөнделген жол көрген жоқ. Қазір де жұрт облыс орталығы Оралға дейін көлікпен 7-8 сағат жүруге мәжбүр, жаңбыр жауса батпаққа батқан бұқара 14-15 сағат жол жүреді, көбісі күрежолдың бойында қонып қалады", - дейді Нартай Аралбайұлы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале