Бүгін Сырым ауданы, Жымпиты ауылында қазақ күресінен "Қазақстан барысы" республикалық турниріне облыстық іріктеу өтті.
Боз кілемде белдескен палуандар күресіне Жаңақала ауданының намысын Ерасыл Ахметов қорғады. Нәтижесінде түйе палуандар күресінде Ерасыл Жайсанұлы жүлделі ІІ орынға ие болды. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және мәдениет бөлімінің тиесілі дәрежедегі, диплом, медалімен және "Жайық барысы" белдігімен ақшалай сыйлықпен марапатталды. Енді жерлесіміз республикалық турнирде облысымыздың намысын қорғайтын болады.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz