12.05.2023, 18:00
Оқылды: 46

Сакура ағашының көшеті отырғызылды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және Сенім Шаралары жөніндегі кеңес) Бас хатшысы Елші Қайрат Сарыбай мырзаның шақыруымен, дипломатиялық корпус өкілдерімен бірге Астана қаласының Президенттік саябағында АӨСШК аллеясын абаттандыру жөніндегі іс-шараға қатысты. Акцияға қатысушылар Сакура және Сиверс алма ағаштарының көшеттерін отырғызды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

dd7fa64791a8499102086dfcc4e9c712_1280x720

Естеріңізге сала кетейік, АӨСШК – бұл 28 мемлекетті біріктіретін халықаралық форум, оның басым мақсаттарының бірі біздің планетамыздың қоршаған ортасын қорғау болып табылады.

Министр іс-шараның барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, бүгінгі таңда Қазақстан орман қорын қорғау және өсімін молайту жөніндегі жұмысты белсенді жүргізіп жатқанын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін кеңейтіп, жануарлар дүниесін сақтау үшін жағдай жасайтынын атап өтті.

a2628c572de5beee73cf6b0859aae730_1280x720

АӨСШК аймағының кең географиясы бар, құрғақшылық, шөлейттену, су тапшылығы, қатты ыстық, су тасқыны және жер сілкінісі сияқты әртүрлі климаттық қиындықтар орын алады.

АӨСШК-нің алтыншы саммиті барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Астана қаласында экологиялық проблемаларды шешу тәсілдерін талқылау үшін АӨСШК өкілдеріне мемлекеттердің жоғары деңгейдегі конференциясын өткізуді ұсынды.

ba97307565b7744d7b09583732054594_1280x720

Қазіргі уақытта 2024 жылы Астанада АӨСШК елдерінде экология мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі конференцияны ұйымдастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды.

«Бұл Конференция су қауіпсіздігінің, ауаның ластануының, сондай-ақ АӨСШК-ге өкіл мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігінің ұлттық және өңірлік проблемаларын шешу бойынша қажетті шаралар мен іс-қимылдарды ілгерілетуге елеулі үлес қосатынына сенімдімін», - деді З.Сүлейменова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале