Бүгін рухани орталықта Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен ауыл жастарының бас қосуы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылан Оразалиев, ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева қатысты.
Жиналыс барысында халықтың әлеуметтік әл ауқатын арттыру мақсатындағы 2,5 пайыздық несие жөнінде сөз болып, жастардың жеке кәсіпке қызығушылығын ояту үшін біраз ұсыныс айтылды. Сондай-ақ ауыл ішіндегі мәселелер және жекелеген сұрақтар жолданып, түйінді тақырыптар талқыланды.
Нұргүл Дүйсенбаева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz