12.05.2023, 17:37
Оқылды: 55

Денсаулық сақтау сарапшылары АПВ вакцинасын енгізу жолдарын талқылады

Астанада ДДҰ-ның Еуропадағы өңірлік бюросының ұйымдастыруымен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың және ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшылығының қатысуымен Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинацияны енгізу бойынша Ұлттық техникалық кеңес (семинар) өтті, деп жазады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жазды.

13572e967f1e466f839fdec5c0ec27f5_1280x720

Іс-шараға денсаулық сақтау ұйымдарының жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандары, АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізу жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшелері, онкология, ана мен бала денсаулығын қорғау қызметінің мамандары, ДДҰ, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, CDC сарапшылары қатысты.
Семинардың мақсаты нысаналы топтарды зерделей отырып, АПВ вакцинасын енгізудің коммуникациялық жоспарын әзірлеу болды. Осыған байланысты коммуникацияның жалпы жоспарының бөлігі ретінде дағдарыстық коммуникацияларды зерттеу маңызды болды.
Іс-шара барысында қатысушылардың назары нысаналы топтарға байланысты коммуникациялар бойынша жұмыстарды жоспарлауға, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үшін спикерлер пулын, сондай-ақ медицина мамандарын оқыту үшін лекторлар пулын қалыптастыруға аударылды.
Сарапшылар Қазақстан халқының АПВ-ға қарсы вакцинаны қабылдауын зерттеу нәтижелерімен және осы вакцинаға қатысты халықпен қарым-қатынасты жақсартуға арналған практикалық ұсынымдарымен бөлісті. Сонымен қатар, көрші елдердің (оның ішінде Өзбекстан мен Қырғызстанның) сарапшылары өз елінде АПВ вакцинациясын енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале