12.05.2023, 16:31
Оқылды: 29

Оралда тұрғын үйден 4 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Орал қаласындағы жер үйлердің бірінде қожайындарының жоқтығын пайдаланған қаскүнем ұрлыққа түскен. Торы жоқ қосалқы үй-жайдың кішкентай терезесін сындырып кіріп, үйден 4 миллион теңге мен алтын әшекейлерді ұрлап әкеткен. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

акша1

Орал қ.ПБ Абай Пб полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 43 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Ол бұрын осындай іспен қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Мүлік ішінара тәркіленді, кейбір заттарды арзан бағамен сатып үлгерген.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстың кодексінің 188-бабы 3 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп (ұрлық) жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале