13.05.2023, 19:22
Оқылды: 59

Жәрмеңкеде ауыл шаруашылық өнімдері

Бүгін орталық базарда ауыл шаруашылық өнімдерінен жәрмеңке ұйымдастырылды. Мүмкіндікті қалт жібермейтін аудан жұртшылығының қарасы көп болды. Өз бағаларынан әлдеқайда түсіріп, тұрғындарға жеңілдік жасау мақсатында іске асқан жәрмеңкеге Жәнібек пен Тау ауылы ат салысты.

WhatsApp Image 2023-05-13 at 14.52.19

Еттің бағасы 1500 теңгеден басталса, қаймақтың 1 литрі 4000 теңгеден сатылды. Олардан өзге сүт өнімдері, балық, көкөніс көшеттері қолайлы бағаға берілді.

WhatsApp Image 2023-05-13 at 14.52.20

Жәрмеңке ортасынан аудан әкімі Тимур Шиниязов пен орынбасарлары Асхат Молдағалиев, Жақсылық Абдолов және ауыл әкімі Абзал Қаратаев, орынбасары Рустам Аманғалиев та табылды.

WhatsApp Image 2023-05-13 at 14.52.21

Жәрмеңке алдағы уақытта жалғасын тауып, көлемін кеңейтпекші. Енді әр аптаның сенбі күндері өтіп, дәстүрге айналатын болады.

WhatsApp Image 2023-05-13 at 14.52.18

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале