13.05.2023, 21:32
Оқылды: 50

Мария Бровкова Мажарстандағы Әлем Кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

Мажарстанның Сегед қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден биылғы Әлем Кубогының алғашқы кезеңінде отандасымыз Мария Бровкова алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы kazsports.kz хабарлайды.

WhatsApp Image 2023-05-13 at 19.29.34

Сурет: kazsports.kz 

Ол C-1 санатындағы 1000 метрге жарыста мәре сызығын бірінші болып кесті (4:49.91 секунд). Одан кейінгі сатыға әлем чемпионатының күміс жүлдегері мажарстандық Жофия Кисбан мен оның отандасы Жофия Каталин Чорба тұрақтады. Финалдағы нәтиже мына жерде. Бұл кезең ертең, 14 мамырда мәресіне жетеді.

Жалпы Сегед қаласындағы жарыс жолы 18 жастағы қазақ спортшысына жақсы таныс. Мария былтыр осы қала қабылдаған 23 жасқа дейінгілер арасындағы каноэ мен байдаркада ескек есуден әлем чемпионатында С-1 1000 метрде жеңімпаз атанған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале