11-13 мамыр аралығында облыс орталығы Орал қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орайластырылған мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада оздырылды.
Облыс әкімдігінің Орал қаласы және облысымыздың барлық аудандарының мемлекеттік қызметкерлері «Шахмат», «Асық ату», «Үстел теннисі», «Шағын футбол», «Жеңіл атлетика» және «Баскетбол 3×3» спорттық ойындары бойынша сынға түсті. Казталов ауданының мемлекеттік қызметшілері де аталған спорт түрлерінен бақтарын сынап, шағын футболдан облыс чемпионы атанды.
Шағын футболдан ауданымыздың құрама командасы қарсыластарын сан соқтырып, ширек финалға жолдама сарапқа салынған ойында Қаратөбе ауданының командасын 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, ширек финалға шықты. Ширек финалда Бөрлі ауданының командасымен кездесіп, 3:0 есебімен финалға жолдама алды. Ал, финалдық ойында Орал қаласы әкімдігінің командасын 4:0 есебін ойсырата жеңіп, жеңімпаз атанды.
Жерлестеріміз аталған спартакиадада «Асық атудан» да үздіктер қатарынан табылды. Бөрлі ауданы (І орын) мен Сырым ауданының (ІІ) командаларына жол беріп үздік үштікті түйіндеді.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz