Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен оқу жылы өтетін тоғыз айға арналған «Тоғыз ай – тоғыз іс-шара» іс-шаралар жоспары жасалған еді. Осы жоспарға сәйкес әр айда жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеуге арналған іс-шаралар өткізіліп келеді.
Мамыр айы «Жасыл мекен» челенджіне арналды. Кеше Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында өткен бұл челенджге ауданымыздың мектептері белсене қатысты. Бұл шараның мақсаты – оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Туған елді көгалдандыру, жасыл әлемді құрметтеу мақсат ына жұмылдырылған іс-шара аясында терек көшеттері мен гүл өсінділері отырғызылды. Табиғатқа қамқорлық жасау – әр адамның парызы. Жеріміз гүлденіп, ауамыз таза болсын!
Рая Жұмағалиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz