16.05.2023, 1:38
Оқылды: 27

Ауыл әкімдерімен кездесті

Бүгін аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен жиын өтті. Оған ауданға қарасты тоғыз ауылдық округ әкімі мен дербес бөлім басшылары қатысты. Басқосуда төрт мәселе қаралды.

WhatsApp Image 2023-05-15 at 20.54.10

Алдымен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Асылбек Қамашев «Ауыл аманаты» жобасы аясында аудандағы ахуалға тоқталды. Оның айуынша жобаға барлық округтер қатысуда. Бүгінгі таңға 57 жоба жасақталып, оның 36-сының мүлігі бағаланып, құжаттары дайын. Сол сияқты халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов жастарға арналған 2,5 пайыздық несиені алу үшін жастардың белсенділік танытып жатқандығы туралы айтты. Сөзіне сүйенсек, бүгінгі күнге 20 тұрғынның құжаты дайын болса, комиссия шешімімен жәнібектік Дәурен Ақпасов несиеге қол жеткізген. Аталған екі мәселе бойынша әр ауылдық округ әкімі ауылдағы жағдайға тоқталып, жұмыстанып жатқандықтарын жеткізді. Одан бөлек аудандық ветеринариялық стансасының басшысы Біржан Ғұбашев бұралқы иттердің мәселесін алға тартты. Сондай-ақ аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Гүлзара Төреғалиева мерзімді басылымға жазылу бойынша ақпарат беріп, ауыл әкімдері мен мекеме басшыларын ауданның төл газетін қолдауға шақырды. Жиынды Тимур Серікұлы қорытындылады.

WhatsApp Image 2023-05-15 at 20.54.14

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале