Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев Сарой ауылдық округіндегі аудан және ауылдық округ әкімдерінің халықпен кездесу жиынына қатысты.
Жиында ауыл әкімі Айбол Жакиев ағымдағы жылдың І тоқсанындағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.
Айбол Каримоллаұлының сөзіне сүйенсек, округтің негізі бағыты ауыл шаруашылығы саласы. Аталған сала бойынша 5430 бас ірі қара, 4212 бас қой мен ешкі 11057 басты құраса, округте 29 шаруа қожалығы мен үш заңды тұлға ауылшаруашылық кооперативі жұмысын дөңгелетіп отыр.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында екі жеке кәсіпкер сауда-саттық жасаса, 29 жеке кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, жұмыс жасауда.
Жастар практикасы бойынша бір адам практикадан өтуде.
Одан бөлек, өткен жылыдың қазанында аумақтық даму жоспарына сәйкес Шағырлой ауылын ауыз сумен қамту мақсатында жұмыс басталған болатын.
Сарой ауылына жұмыс сапарымен барған аудан әкімі Төлеген Серікқалиұлы 344 млн теңгені құрайтын Шағырлой ауылын ауыз су мен жабдықтау жұмысымен танысты.
Мердігер - «Батысгазстрой» ЖШС. Бүгінгі таңда бөлінген қаржының 60 млн теңгесі игеріліп, 30% жұмыс жасалған. Аталған жұмыс қазан айында тапсырылуы тиіс.
-Биыл аудан бойынша 10 елді мекенге ауыз су құбырлары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде Көздіғарадағы ауыз су құбырларын жүргізу жұмыстары тамызда, Шағырлойда қазан айында аяқталады. Жазғы лагерь кезінде мектеп ұжымымен учаскелік полиция қызметкерлері балалардың сақтығын жіті назарда ұстауын сұраймыз, - деді жиынды қорытындылаған аудан әкімі.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz