17.05.2023, 9:15
Оқылды: 48

Қазақстанның ең сұлу боксшылары Спартакиадада бір-біріне тап болды

Қазақстан Спартакиадасында әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қызық жекпе-жек күтіп тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.

8280e356-860b-48ec-935b-bd0bf53a6e3f

Фото: Prosports.kz

Жартылай финалға берілетін жолдаманы Ангелина Лукас пен Балауса Мұздыман сарапқа салады. Олар еліміздегі ең сұлу боксшылар саналады. Лукас Жамбыл облысының, Мұздыман Алматы облысының намысын қорғап жатыр.

54 келіге дейінгі салмақта бірінші нөмір - шымкенттік Жайна Шекербекова. Ол - екі дүркін Азия чемпионы және бірнеше дүркін әлем чемпионатының жүлдегері.

Ангелина Лукас бұған дейін Қазақстан Спартакиадасында жеңіске жету арқылы Азия ойындарына баруға тырысатынын айтқан болатын. Азия ойындарында Париж Олимпиадасына іріктеу болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале