15.07.2016, 13:08
Оқылды: 70

Жәнібектік жас өлкетанушылар ғалымдардан дәріс алды

????????????????????????????????????

     Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Айтжан Нұрманова, Р.Б.Сүлейменов атындағы институттың шығыстанушысы Дина Медерова, «Жайық Пресс» ЖШС баспасөз зерттеу орталығының жетекшісі, «Дана.kaz» журналының редакторы Қазбек Құттымұратұлы, Бөкей Ордасы тарихи мұражай кешенінің ғылыми қызметкері Гүлмару Мырзағалиева Орда ауылындағы Хан зиратында араб жазулы құлпытастарды зерттеуде.


  Ғалымдардың зерттеу ісін көрмек үшін Жәнібек аудандық, облыстық және халықаралық өлкетану олимпиадаларында жүлделі орындар алып жүрген жәнібектік жас ізденушілер Ғ.Сарыбаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Ізбасар Сәлімов, А.Оразбаева атындағы мектептің биылғы түлектері Бибізада Сайынова мен Гүлсезім Темірғалиевалар Хан Ордасы ауылына барды. Жас өлкетанушылар ғалымдар атқарып жатқан игі істі көздерімен көріп, олардан құлпытастарды зерттеу жұмыстары бойынша арнайы дәріс алды. Күннің аптап ыстығына қарамастан ғалымдар қорым басында  ескерткіштермен жұмыс істеу тәсілдерін жеткіншектерге  көрсетті.

      - Құлпытастарды зерттеу жұмысы Білім және ғылым министрлігі тарапынан үлкен қолдауға ие. Еліміздің әр аймағында кездесетін ескі араб жазулы құлпытастар  ұлттық құндылығымыз әрі рухани байлығымыз. Қазіргі таңда қазақ жеріндегі ескі құлпытастарды зерттеуге жапондық ғалымдар бірлесіп жұмыстануға ниет білдіруде. Біздерді осында келді деп естіп, арнайы іздеп келген жәнібектік жеткіншектерге ризамын. Өлке тарихына жастардың қызығушылығы артқаны дұрыс. Қажет болса құлпытастардағы ескі араб жазуларын оқып үйренемін дегендерге арнайы үлгі боларлық материалдарымды берейін,- деп белгілі арабтанушы Айтжан Нұғыманова ағынан жарылды.

www.zhaikpress.kz

Ахмедияр БАТЫРХАНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале