Жаңақала ауданы ежелден күйшілер елі атанған өлке.
Сәрсенбінің сәтті күні "Байбақты-жауғашты" алқасының мүшелері, соның ішінде көпшілігі Сырым елінің жауғашты руының ақсақалдары аудан әкімшілігімен бірлесіп өңірімізден шыққан күй тарланы Мәмен Ерғалиұлын ұлықтау, жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында аудан аумағында орналасқан күйшінің кесенесінің басына барып, құран бағыштады.
Сондай-ақ киіз үй тігіліп, ас беріліп жатыр. Сонымен қатар күйші туралы естелік әңгімелер айтылып, күйші күйлері тартылды.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz