18.05.2023, 10:31
Оқылды: 16

Ханкөлде жаңа мектеп салынып жатыр

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Жусандыой ауылдық округіндегі тұрғындарымен жүздесті.

IMG_3076

Халықпен кездесу жиынында ауылдық жыл басынан бері атқарылған есебі тыңдалды.

Ауыл халқының табысын арттыруға арналған «Ауыл аманаты» жобасы бұл ауылда да кең қолдауға ие болған. Округ әкімі Бекболат Бақытжановтың айтуынша, қазірдің өзінде жобаға қатысуға 20 адам өтініш беріп, олардың кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктерін баға беріліп жатыр.

IMG_3075

Биыл Ханкөл ауылында 60 орындық шағын жинақты мектептің құрылысы басталды. Құрылысты «Қалдығайты» ЖШС жүргізіп жатыр.

Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің айтуынша, қазіргі мектеп алдағы уақытта балабақшаға айналады.

                                                        Серікбай Хасанов, 

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале