18.05.2023, 11:31
Оқылды: 152

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауы жалғасады

Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы  - 2023» байқауы басталады. 

aad63da2-d8fe-4eec-8206-86d49d604862

Айта кетейік, байқаудың мақсаты пән аралық негізде білім алушылардың ерте, функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара іс-қимылының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік практикаларын жалпылау және танымал ету.

Өтінімдер 10 қазанға дейін қабылданады. Республикалық конкурсқа жеке немесе үш адамнан аспайтын авторлық топпен қатысуға болады. Сондай-ақ, педагогтер бейне түріндегі авторлық жұмысын 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады.

Байқауға

-мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін ерте сауаттылық;

-оқу сауаттылығы;

-математикалық сауаттылық;

-жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;

-цифрлық сауаттылық;

-медиа-ақпараттық сауаттылық;

-қаржылық сауаттылық;

-экологиялық сауаттылық;

-денсаулық сақтау сауаттылығы;

-әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық;

-мәдениетаралық сауаттылық;

-азаматтық-құқықтық сауаттылық бағыттары бойынша бейнематериалдар жібере алады.

Педагогтар сабақ, дәріс, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс т.б. жұмыстарын қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұсына алады.

Байқау  туралы толық ақпарат алу үшін   Өрлеудің сайтына өтіп,  https://ppi.orleu-edu.kz/?page_id=21414&lang=kk сілтемеге өтіп ережемен танысуға және өтінім қалдыруға болады.

 

Толқын Габдушева,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалының PR, SMM

бас маманы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале