19.05.2023, 9:00
Оқылды: 12

Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласының есімі белгілі болды

Аралас жекпе-жек файтері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

IMG-20230519-WA0030

Фото: prosports.kz

Оның қарсыласы бразилиялық Фелипе Буньес болады. Жекпе-жек 17 маусымда UFC Fight Night турнирінде өтеді.

Буньес ММА-да 19 жекпе-жек өткізіп, 13 жеңіске жетіп, 6 рет жеңіліп қалған. Бразилиялық файтер - америкалық LFA ұйымының чемпионы.

Еске салайық, 34 жастағы Жұмағұлов UFC-дегі кейінгі жекпе-жегін 2022 жылдың қарашасында өткізіп, америкалық Чарльз Джонсоннан жеңіліп қалған болатын. Жалғас америкалық промоушенде бір жеңіске жетіп, бес рет жеңіліп қалған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале