19.05.2023, 15:45
Оқылды: 33

«Газетке жазылуға шақырамын»

Газет оқу — зиялылықтың белгісі. Ахмет Байтұрсыновтың «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Қазір айтылған ақпарат көзді ашып-жұмғанша сол мезетте-ақ әлеуметтік желілер арқылы әлемге тарап жатады. Бірақ газет оқу мәдениеті — қашанда талғамы жоғары оқырманның талабы. Шынайы ақпарат. Байыпты сараптама. Нақты тұжырым. Таңбаланған тарих. Секунд сайын жаңарып тұратын сайттардан газетті айрықшалап тұратын негізгі басымдық – осы. Қазіргі таңда баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатыр.  Осы орайда аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова газетке қолдау білдірді.

IMG-20230519-WA0103

Облыстық  «Орал өңірі»  және ауданымыздың төл басылымы «Теректі жаңалығы-Теректинская новь» газетіне жазылып қана қоймай,өз атынан  10 жанұяға газет жаздырып берді.

— Баспасөзге жазылу – басты назарда. БАҚ арқылы өңірдегі болып жатқан  жаңалықтарды оқып, біліп отырамыз. Барлық бөлім басшылары мен округ әкімдері бұл бастаманы қолдайды деп сенемін және басылымдарға жазылуға шақырамын,- деді аудан әкімі.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале