20.05.2023, 21:47
Оқылды: 51

Қазақстанды шарлаған марафоншылар Жымпитыға тоқтады

Осыдан бір ай бұрын тұтас Қазақстан даласымен жүгіріп шығуды ниет етіп «Nomad Run» жобасы аясында жолға шыққан марафоншылар кеше Жымпитыға келіп тоқтады.

IMG_8488

25 сәуір күні Астана қаласындағы сөреден аттанған «Nomad Run» - дықтар бірер айда Қазақстанның орталық, солтүстік, шығыс және оңтүстік өңірлерімен жүгіріп өтіп, Ақтауды бетке алыпты. 6000 шақырым артта қалған.

Марафоншылардың ең негізгі – ішкі туризмді насихаттау.

Әдемі сөйлегенді ұнатамыз. «Ұлан байтақ Қазақстан...Найзаның ұшымен қорғаған жер...» - деп тамсануға шеберміз. Бірақ, өз даламызды тануға аса бейіл емеспіз, саяхаттамаймыз, сүйсінбейміз. Алайда, жаз мезгілінде шабадан сүйреп, Түркияға, Біріккен араб әмірліктеріне аттанамыз. Ол – басқа экономиканы көтеру.

Қазақ даласында сұлу табиғат та, сырлы тарих та бар. Соны көрсетіп, насихаттағымыз келеді.

Екінші ниет – бұқараны жүгіруге ынталандыру. Жүгіру – зал, снаряд, қаржы талап етпейтін ең қолжетімді спорт, – дейді идея авторы Марғұлан Ермағамбет.

Меймандарды «Қайсар» спорт клубының қызметкерлері және сырымдық әуесқой жүгірушілерден құралған «SyrymRunners» ұжымының мүшелері қарсы алды. Олар кешкі самалды кешіп, бірге Жымпиты көшелерімен жүгіріп өтті.

Бауыржан Ширмединұлы, 
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале